9, 10-сынып оқушыларының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалының өкілдерімен кездесуі

9, 10-сынып оқушыларының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалының өкілдерімен кездесуі

Алаяқтар туралы хабардарлықты арттыру, Қазақстандық банкноттардың қорғаныш белгілерімен, олардың көрнекі және жасырын белгілерімен танысу мақсатында 2023 жылғы 18 мамырда «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің 9,10 сынып оқушылары үшін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің бастығы Мейрам Утегенович Мамбетовпен және жетекші сарапшы кассир Роман Сергеевич Курманбаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында нақты банкноттарды жалған банкноттардан ажырату тәсілдері туралы ақпаратты қамтитын бейнероликтер көрсетілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған