«Жалған терроризм» тақырыбындағы дәріс

«Жалған терроризм» тақырыбындағы дәріс

2023 жылғы 19 мамырда «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің 8,9- сынып оқушылары үшін Петропавл қаласы Полиция басқармасының полиция бөлімінің бірінші ББ №7 ЖПҚ УПИ  учаскелік полиция пунктінің капитаны А.Т.Шакиров, аға лейтенанты Б. М. Жармагамбетовпен «Жалған терроризм» тақырыбы бойынша дәріс өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер ортасында экстремистік қылмыстардың алдын алуға жәрдемдесу, рухани-адамгершілік мәдениетті дамыту, оқушылардың құқықтық санасы мен жауапкершілігін арттыру, алаяқтық пен алаяқтар туралы хабардарлықты арттыру.

Дәріс барысында оқушылар қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар жүйесінде «терроризм актісі, дайындалып жатқан жарылыс, өртеу немесе адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік залал келтіру немесе өзге де қоғамдық қауіпті зардаптардың туындау қаупін туғызатын өзге де іс-әрекеттер туралы жалған хабар беру» сияқты әрекет аса ауыр әрекеттердің бірі болып табылатындығымен танысты. Сондай-ақ, білім алушыларға алаяқтық түрлері түсіндіріліп, алаяқтардың құрбаны болмау туралы ұсыныстар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған