
“Мектеп намысы үшін” мерекелік іс-шара
2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп үздіктерін құрметтеу, шығармашылық, спорттық бағыттарда мектеп беделіне барынша үлес қосатын оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналарды көтермелеу мақсатында 2023 ж. 31.05 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де “Мектеп намысы үшін” атты мерекелік іс-шара өтті, онда мәжіліс залында құттықтаулар мен тілектер айтылып, үздік оқушылар, педагогтар мен ата-аналар марапатталды, сондай-ақ концерттік нөмірлер орындалды.
“Мектептің намысы үшін” мерекелік іс –шарасы – бұл барлық мектеп ұрпақтарын тұтастыққа біріктіретін, құндылық бағдарларын сақтайтын және үлкен тәрбиелік әлеуетке ие болған дәстүр.