
«Digital Urpaq» оқушылар сарайына саяхат
1 маусымда, жаздың бірінші күні, барлығы Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бұл күні «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің 5″Б» сынып оқушылары » Digital Urpaq » оқушылар сарайында өткен » DIGITAL АКТИВ» «Эко-ойынқұмарлық» террария-зияткерлік танымдық ойынына қатысты. Галлерея роботтардан және әртүрлі металл конструкциялардан тұрды. Сондай-ақ, оқушылар «Жазғы академияда» болып, онда жаңа технологиялармен танысып, идеяларды іске асырып, IT бағыты бойынша интерактивті сабақтарға, спорттық ойындарға, конкурстарға, эстафеталарға және зертханаларда қызықты сабақтарға қатысып, өз таланттарын аша алды.