Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар – жасөспірімдер кітапханасында «Тату және пирсинг: оң және теріс жақтары» ақпараттық ликбезіне 8 «В» сынып оқушыларының қатысуы
2023 жылғы 15 қарашада “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-нің 8 “В” сынып оқушылары сынып жетекшісі Г.С. Укиенова және кітапханашы К.В.Аверичевамен Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында “Тату және пирсинг: оң және теріс жақтары” ақпараттық ликбезіне қатысты. Бұл іс – шараның мақсаты – жасөспірімдердің денені тату және пирсингпен әдемілеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс көзқарасын қалыптастыруға көмектесу. Іс-шара барысында оқушылар тату мен пирсингтердің пайда болу тарихымен және әлеуметтік маңыздылығымен танысты. Оқушылар “оң” және “қарсы” екі топқа бөлініп, ұсынылған…