«Достық» жазғы сауықтыру лагерінің жабылуы
«Қазақстан – бақытты балалық мекені!» каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасына және «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ «Достық» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес, 2023 ж. 15.06 «Достық» мектеп жанындағы лагерь жабылды. Мектеп жанындағы лагерьдің қызметі жоспарға сәйкес жүзеге асырылды, оған: сауықтыру рәсімдері, спорттық іс-шаралар, саяхаттар, театрға бару, интерактивті іс-шаралар, тілдік алаңдардың жұмысы кірді.