Меню KDT

Хабарлар

«Швеция корольдігінің сиқыршысы» әдеби қонақ бөлмесі

«Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында 2022 жылғы 17 қарашада «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектебі» КММ кітапханасында,  «Пеппи – ұзын шұлық», «Балақай және Карлсон», «Карлсон қайтып келді», «Мио, менің Мио», «Расмус қаңғыбас» және басқа шығармаларымен танымал швед жазушысы Астрид Линдгреннің 115 жылдығына арналған, 5«А» сынып оқушылары үшін «Швеция корольдігінің сиқыршысы» әдеби қонақ бөлмесі өткізілді. Іс-шараның мақсаты: белгілі балалар жазушысы А. Линдгреннің өмірбаянымен және шығармашылығымен танысу, оқушыларды әдебиет саласындағы үздік үлгілермен таныстыру, оқырманды қабылдаудың негізінде жатқан танымдық процестерді дамыту, оқырман қиялын дамыту. Оқушылар жазушының балалық шағы мен өмірі, оның әдеби қызметке жолы туралы білді. Көптеген балалар кішкентай кезінен көңілді, күлкілі мейірімді Карлсон туралы мультфильмдерді жақсы көреді және бұл кейіпкерді алғаш рет кім жасағанын білді. Астрид Линдгрен өз кітаптарда балалар туралы жазды: күлкілі және көңілді, қайғылы және тапқыр. А.Линдгрен өз шығармаларымен балалар мен ересектер бір-бірін жақсы көргенде ғана жақсы болатынын айтты.

 



Просмотров: 21

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сауалнама

Статистика

  • Осы айда698
  • Осы аптада164
  • Кеше26
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Пайдалы сілтемелер