Меню KDT

Мектеп туралы

    № 43 мектеп 1966 жылы салынған. Алғаш сегізжылдық мектеп болған. 1967 жылы орта мектеп мәртебесін алған, 964 орынға арналған.
        Біздің мектеп құрылыс сәтінде осылай көрінген. 
       
   Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, республиканың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақ ССР Министрлер Советі 1986 жылдың тамыз айында Петропавл қаласындағы № 43 орта мектебіне Халық жазушысы, әдебиет зертеушісі, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚазССР Ғылым академиясының академигі Ғабит Мүсіреповтің есімі берілді.
       Ғабит Мах­мұтұлы Мүсiрепов — қазақ әдебиетi алыптарының бiрi, көркем сөздiң зергерi, мемлекет және қоғам қайраткерi. Бүгiнгi таңда көпшiлiкке танымал болып отырған Ғ. Мүсiрепов шығармашылығы уақыт озған сайын өзiнiң құндылығымен, даралығымен ерекшеленiп келедi. Сол әдебиетiмiздегi биiк тұлға, қарымды қаламгер өз шығармаларының қызықты сюжеттерiмен, маңызды ой — түйiндерiмен оқырман жүрегiнен орын тауып отыр.

        Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп – бұл балаларды бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін оқытуға, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға қолайлы жағдай жасауға және жоғары парасатты сезім қалыптастыруға бағдарланған жаңа үлгідегі орта білім беру орны. 2006 жылы мектеп бейналды даярлық пен бейінді оқытуды ұйымдастыру бойынша эсксперименттік жұмысына кірісті.
 
  

       Мектептегі оқу-тәрбие үдерісін 67 мұғалім жүзеге асыруда, соның ішінде:
            * жоғары санаты – 18 адам;
            * І санат – 20 адам;
            * ІІ санат – 12 адам;
            * санатысыз – 17 адам.



    Мектепте 31 оқу кабинетi, мультимедиа кабинетi және информатика кабинетi, мультимедиа жабдықтарымен 9 кабинет (физика, биология, география, математика, химия, қазақ тiлi, бастауыш сынып, орыс тiлi, тарих), мамандандырылған физика кабинетi, 3 шеберхана бар: темiр, ағаш және қызмет көрсету еңбегi бойынша.



Мектеп жанында 2009 ж. желтоқсанның 7-сi ашылған мектепке дейiнгi шағын орталық жұмыс істейді.


         2010 жылы мектепте оқыту мемлекеттік тілде жүргізілетін сыныптар ашылды. 

                                  
   
     1999 жылы  Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектебінде  «Мұра» шығармашылық балалар бірлестігі ұйымдастырылды. Алғашқыда старосталар кеңесі болатын, содан кейін министрлер кеңесіне қалыптастырылды. «Мұра» шығармашылық балалар бірлестігі біз үшін тек қарым-қатынас, Отанды сүюге үйренетін орын ғана емес, ол біз үшін халықтың салт-дәстүрін құрметтейтін, алғашқы рет ғашық болатын, өмір мағынасы туралы ойланатын орын болып табылады.

                                 

        9 жыл бойы мектеп қалалық оқушылар спартакиадасының жеңімпазы болып табылады.

          
     Мектеп белсенді өмір сүруде: оқушылардың дарындылығын көрсететін парасатты конкурстары мен спорт жарыстары және жалпы мектептік мерекелер өткізіледі. 9 жыл бойы мектеп қалалық оқушылар спартакиадасының жеңімпазы болып табылады.














 

Сауалнама

Статистика

  • Осы айда698
  • Осы аптада164
  • Кеше26
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Пайдалы сілтемелер