2026 ж.12.10 “Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп” КММ-де 7-сынып оқушыларымен “Электрондық темекіден бас тартудың себептері” тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді
Әңгімелесу барысында оқушыларға электронды темекі мен вейптің денсаулыққа кері әсері, никотинге тәуелділіктің пайда болу қаупі, сондай-ақ оларды тұтынудың өсіп келе жатқан ағзаға тигізетін салдары түсіндірілді. Құрдастарының қысымына қарсы тұру, әлеуметтік желілердегі ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және жауапты шешімдер қабылдау қабілетіне ерекше назар аударылды. Әңгіме соңында білім алушылар өз денсаулығына қамқорлық жасау, саналы түрде таңдау және жаман әдеттерден бас тарту салауатты өмір салтының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деген қорытындыға келді. Денсаулық – біздің құндылығымыз! Вейпсіз өмірді таңдаңыз!