Тренинг
Эко
2023 ж. 23.01 Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі мен Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің өкілдерінің 9-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі
2023 ж. 23.01 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ 9-11 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі мен Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар колледждердің оқытушылар құрамымен, материалдық-техникалық базасымен, оқуға түсу шарттарымен, оқуға түсу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар топтамасымен, қабылдау комиссиясының жұмысымен, колледж өкілдері ұсынған мамандықтар бойынша жүзеге асырылатын кадрларды даярлау туралы ақпаратпен танысты. Түлектермен кездесуге Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік…
“Ертегіде қонақта” суреттер байқауы
“Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 2023 ж. 17.01 орыс тілі мен әдебиеті пәндік апталығы аясында 5-6 сынып оқушылары арасында “Ертегіде қонақта” суреттер байқауы өткізілді. Байқау жеңімпаздары: 1 орын – Лысенко Анастасия 6 ” А ” сыныбы 2 орын – Бондарев Тимофей 5 ” А ” сыныбы 2 орын – Долганова Ева 5 ” А ” сыныбы 3 орын – Сейтказин Султан 6″ Б ” сыныбы 3 орын – Никибаева Томирис 6 ” В ” сыныбы 3 орын –…
«Терроризм – бәріне қауіп төндіреді» сынып сағаты
Оқушыларда терроризм және оның салдары туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың назарын қырағылық таныту қажеттілігіне аудару, толеранттылықты қалыптастыруға және ұлтаралық алауыздықтың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ оқушыларды террористік қауіп жағдайында жүріс-тұрыстың негізгі ережелерімен таныстыру мақсатында 2023 ж. 16.01 «Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп» КММ-де 5-11 сынып оқушылары үшін «Терроризм – бәріне қауіп төндіреді» тақырыбындағы сынып сағаттары. Сынып сағаты барысында оқушылар бұл құбылыстың табиғаты, террористік ұйымдармен күрес туралы білді. Өмірдегі қауіп-қатер нақты болатын сәттерге және осы жағдайдағы мінез-құлық ережелеріне көп көңіл бөлінді….
2023 ж. 11.01 жалпы мектептік ата-аналар жиналысы
2023 ж. 11.01 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті, онда “Мектеп асханасындағы тамақтану құны” мәселесі қаралды. Жалпы мектептік ата аналар жиналысына қатысты: Золотилина Надежда Владимировна – мектеп директор м.а., Уварова Наталья Викторовна – директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары, Шарапова Евгения Геннадьевна – директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары, Елманова Ольга Александровна – директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, Кусаинова Галина Казтаевна – директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, Душенко Елена Александровна – қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Козлов Владимир Иванович – қамқоршылық…
“Соғыс жылдарының жазушысы” кітап көрмесі
“Кітап оқитын мектеп” жобасы аясында 2023 жылдың 04-10 қаңтарынан бастап “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ кітапханасында белгілі жазушы Александр Альфредович Бектің 120 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. А. А. Бек – азаматтық соғыс батыры. Ұлы Отан соғысы жылдарында соғыс тілшісі болды. Оның әйгілі шығармаларының бірі – “Волоколамск тас жолы”, оқиғаның басты кейіпкерлері -316 атқыштар дивизиясының командирлері Иван Васильевич Панфилов және белгілі қазақ қолбасшысы Бауыржан Момыш-ұлы, Мәскеуді қорғаған сарбаздар. Кітап көрмесі аясында оқушылар жазушының өмірбаяны және шығармашылығымен танысты.
5, 6-сынып командалары арасында пионерболдан жарыс
Қысқы демалысқа арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 ж. 05.01 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 5,6 сынып командалары арасында пионерболдан жарыс өтті. Жарыстың төрешісі және оларды өткізуді ұйымдастырушы дене шынықтыру мұғалімі С. П. Степанов. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында 1 орын алған 5 “Г” сыныбының командасы жеңімпаз атанды, 2 орынды 5 “А” сыныбының командасы, 3 орынды 5 “В” сыныбының командасы иеленді; ұлдар арасында 1 орынды 6 “В” сыныбының командасы, 2 орынды 6 “Б” сыныбы және 3 орынды 6 “А”…
“Отбасылық жаңа жылдық серпантин” фотоколлаждар фестивалі
Жаңа жыл – бұл отбасылық мереке, барлығына және әрбіріне арналған мереке. Бұл мерекені бәрі жақсы көреді және күтеді. Қандай тамаша уақыт! Мерекелік көңіл-күйді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Барлығы шабыттандырады және мерекелеуге деген құштарлықты арттырады. Жаңа жыл – бұл тек жадында ғана емес, отбасылық фотосуреттерде де түсіргіңіз келетін қысқы ертегі. Қысқы демалыс аясында 1-4 сынып оқушылары “Отбасылық жаңа жылдық серпантин” фотоколлаждар фестиваліне қатысты.