27 қаңтарда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де мектептің мұғалімдері мен техникалық қызметкерлері үшін алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс өткізілді
Дәрісті СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры М.И. Балацкая өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға кең таралған алаяқтық схемалар түсіндіріліп, сақтық шаралары мен дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсыныстар берілді.