Дүниежүзілік Балалар күніне арналған “Бала құқықтары – адам құқықтары” сынып сағаты (20 қараша)
2023 ж. 20.11 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 5-11 сынып оқушылары үшін Дүниежүзілік Балалар күніне (20 қараша) арналған “Бала құқықтары – адам құқықтары” тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, оқушылардың заң арқылы өз құқықтарын қорғау қабілетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты дамыту, оқушыларды құқықтық бұзушылықтар үшін жауапкершілікпен таныстыру, жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасөспірімнің жауапкершілігімен таныстыру. Сынып сағаты барысында бала құқықтары туралы Конвенцияда жазылған балалардың құқықтары қаралды, халықаралық құқық тұрғысынан…